Үржар ауруханасының жылумен қамту жүйесі қалпына келтірілді

ӨСКЕМЕН. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Үржар орталық ауруханасының жылумен қамту жүйесі қалпына келтірілді. Аурухананың қазандығында бу және газ аралас жарылыс салдарынан қираған қабырғалар қайта жөнделді.

Үржар әкімі аппаратының ақпараты бойынша, палаталардағы температуралық режим 22 градус, 6 науқас осыған дейін Мақаншы ауылының ауылдық ауруханасына ауыстырылған болатын. Аталған жағдайға байланысты үйлеріне қайтарылған 24 науқас қайтадан қалпына келтірілген орталық аурухана ғимаратына жатқызылды.

Арқасы мен бетін 2-ші дәрежелі күйік шалған қазандық қызметкері жергілікті ауруханаға жатқызылды.