Үржардағы автокөлік жолында 44 жастағы мотоциклші қаза тапты - ШҚО

None
ӨСКЕМЕН. 17 қазан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда Үржар-Көкөзек автокөлік жолында 44 жастағы мотоциклші қаза тапты.

Полицияда хабарланғандай, ер адам рульге ие бола алмай қалып, мотоцикл аударылып қалған. Мотоциклші алынған жарақаттардан апат орнында көз жұмған.