«Сіздер көптеген қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, өмір белестерін абыроймен бағындырдыңыздар. Отан басына қиын күн туғанда қолға қару алып, қорғадыңыздар. Ұзақ та, қиын әскери жолды басып өтіп, соғыс өртінен күлге айналған Отанымызды қалпына келтіруге атсалыстыңыздар. Сіздердің ауыр өмір жолдарыңыз ерекше құрметке ие. Біз сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында қазір тыныштық пен тату өмір сүрудеміз. Біз өткенімізбен және сіздермен мақтанамыз. Сіздердің отбасыларыңызға татулық пен байлық. Өздеріңізге денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін», - деді аудан әкімі ардагерлерді құттықтап тұрып. Және оларға сыйлықтар мен қаржылай сертификаттарды табыс етті.
Айта кетейік, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жастар санасына сіңіруде мұз жастанып, қар жамылып, қан майданның қиындығын көрген соғыс ардагерлерінің әрқайсысына облыстық бюджеттен 517 мың теңге және аудандық бюджеттен 100 мың теңге қаржылай сыйақы берілді.
Әкіммен бірге майдангерлерді құттықтауға облыс әкімі Даниал Ахметовтің атынан облыстық Табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі басшының орынбасары Алишер Сатыбалдиев, аудандық мәслихат хатшысы Қаленбек Қарашев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұхаметқали Бітімбаев, «Нұр Отан» партиясы Үржар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақтыбай Баймұратов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ләйлә Дүйсенова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Андасова, ауыл әкімдері болды.
Ардагерлер аудан әкіміне құттықтау үшін үлкен алғыс білдіріп, барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, табыстар мен ашық аспан тіледі. «Бейбітшілік - ең басты нәрсе», - дейді ҰОС ардагерлері.