Велошабандозды жора жолдастары, әріптестері 26 маусым күні салтанатты түрде шығарып салды. Ол күніне 140 шақырым жерді басып өтіп, Мақаншы, Үржар, Таскескен, Аягөз, Семей бағытымен 8 күн тоқтаусыз жүріп Астанаға жетті.
«Мен осы сапарға мұқият дайындалдым. Сүйікті қаламыз - Елордаға елімнің, туған жерімнің ыстық сәлемін жеткізу мақсатында күніне 140 шақырым жерді басып өтіп, Ақорда төріне жеттім. Бұл сапарымды Астанамның 20 жылдық мерейтойына арнаймын», - дейді Нұрлан Ақанұлы.
Айта кетейік, Нұрлан Бейсембаев ауданға белгілі кәсіпкерлердің бірі. Ол өткен жылдың қорытындысы бойынша «Парыз» конкурсының «Еңбекті қорғау саласындағы үздік мекеме» номинациясының қола жүлдесіне ие болған.