АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.
«Үлкен дулыға» турнирінің 9-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – сербиялық Александра Крунич екінші айналымда румыниялық Моника Никулеску – латвиялық Анастасия Севастовамен сынға түсті.
Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп қос брейкпен басымдылық танытты – 6:2.
Екінші сетте де есепті 5:1-ге жеткізді. Содан кейін румыниялық-латвиялық дуэт брейк жасады. Дегенмен Данилина – Крунич матчты брейкпен түйіндеді – 6:2.
Бір сағат 9 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын құр жіберген жоқ. Никулеску – Севастова 2 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Анна Данилина – Александра Круничтің келесі қарсыластары кейін белгілі болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Александр Бубликтің әлемнің 1-ракеткасымен ойнайтынын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).