АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатында аралас жұпта ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге екінші айналымда америкалықтар Алисия Паркс – Денис Кудламен күш сынасты.
Қазақстандық-финляндиялық жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Олар 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуінде мүлт кеткен жоқ. Қарсылас дуэт 1 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады.
А.Данилина – Х.Хелиоваара жартылай финалға шығу үшін қытайлық Сюй Ифань – бельгиялық Йоран Флигенмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның US Open үшінші айналымында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Жібек Құламбаева Прага турнирінің жеңімпазы атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).