Жылдың төртінші «Үлкен дулыға» турнирінде жекелей сында Қазақстаннан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко бақ сынайды.
Әлемнің 2-ракеткасы Е.Рыбакина алғашқы айналымда рейтингіде 580-орындағы америкалық, 17 жастағы Тея Фродинмен ойнайды.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 80-сатыдағы Юлия Путинцева әлемнің 12-ракеткасы, Токио Олимпиадасының чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичке тап болды.
Ерлер арасында әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик бастапқы кездесуін рейтингіде 248-орындағы америкалық Джеффри-Джон Вулфпен өткізеді.
Рейтингіде 97-орындағы Александр Шевченко әлемнің 101-ракеткасы, хорватиялық Дино Прижмичтен өтуге тырысып көреді.
Өткен жылы АҚШ ашық чемпионатында әйелдер арасында Беларусь өкілі Арина Соболенко және ерлерден испаниялық Карлос Алькарас үздік атанған болатын. Биыл сол чемпиондық атақтарын қорғауы тиіс.
Е.Рыбакинаның осының алдында Цинциннати WTA 1000 турнирінің ширек финалында жарақат алғаны белгілі. Егер ол денсаулығы сыр бермей, сәтті өнер көрсетіп, АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына дейін жетсе, әлемдік рейтингіде көш бастайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған едік.
Т.Скатов іріктеу сайысының жартылай финалында болгариялық Григор Димитровтан 6:7 (5:7), 4:6 есебімен жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалды.