US Open: Путинцева әлемнің 5-ракеткасына жол берді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымынан тыс қалды.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен таласып көрді.
Осыған дейін қарсыластар 2021 жылы Порторож (Словения) WTA 250 жарысының жартылай финалында кездесіп, онда италиялық спортшы 1:6, 6:3, 6:2 есебімен ұтқан еді.
Бірінші партияда Паолини брейкпен 3:0 есебімен алға кетті. Путинцева есепті қысқартқанымен, қарсыласының қайта брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды – 2:4. Содан кейін тағы брейк алмасқанымен, жағдай өзгерген жоқ – 3:6.
Екінші сетте италиялық теннисші матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Бір сағат 36 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 2 эйс, 2 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады. Паолини 1 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.
Осылайша, АҚШ ашық чемпионатында Қазақстаннан жұптық және аралас сында өнер көрсететін Анна Данилина ғана қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында Даниал Рахматуллаевтың негізгі жарысқа жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Анна Данилина аралас сында жарыстың 1-ракеткасын ұтты.