АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Нью-Йорк қаласында теннистен АҚШ ашық чемпионатының іріктеу турнирі басталады. Ерлер арасында іріктеу сайысында Қазақстаннан 5 теннисші бақ сынайды.
Әлемнің 121-ракеткасы, 36 жастағы Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 142-орында тұрған аргентиналық Марко Трунгеллитимен жолы түйіседі. Әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев рейтингіде 215-сатыдағы эквадорлық Альваро Гильен Месамен ойнайды.
Рейтингіде 187-орындағы Дмитрий Попко әлемнің 96-ракеткасы, тағы бір аргентиналық Тьяго Агустин Тирантеден өтуге тырысып көреді.
Тимофей Скатовтың (№192) да қарсыласы аргентиналық, Факундо Багнис (№129).
Бейбіт Жұқаев (№218) швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (№205) шеберлік байқасады.
Әйелдер арасында рейтингіде 580-орындағы Зарина Дияс қытайлық, әлемнің 209-ракеткасы Есинь Мамен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Монтеррейде негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).