US Open: Юлия Путинцева екінші айналымға шыға алмады
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 58-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен шеберлік таластырды.
Осыған дейін қарсыластар 2021 жылы Әбу-Дабиде кездесіп, онда Ю.Путинцева 6:3, 6:3 есебімен жеңген еді.
Бұл жолы бірінші партияда Юлия бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Екінші сетте Мартина 2:0 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық теннисші таразы басын теңестірді – 2:2. Тай-брейкте Тревизан сәтті ойнады – 7:6 (7:0).
Үшінші, шешуші сетте италиялық теннисші 2:0 есебімен алға кеткенімен, Путинцева қатарынан төрт геймді алды – 4:2. Бірақ қарсыласы да қарап қалмады. Ақыры матч тағдыры тай-брейкте шешілді, есеп 7:6 (10:8), жеңіс италиялықтың еншісінде кетті.
Үш сағат 19 минутқа созылған аса тартысты бәсеке барысында Ю.Путинцева 1 эйспен бірге 18 брейк-пойнттың сегізін пайдаланды. М.Тревизан 5 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
М.Тревизан үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, биылғы Уимблдон чемпионы, чехиялық Маркета Вондроушовамен таласады. Ол рейтингте 241-сатыдағы оңтүстіккореялық Хан На Лэні шемішкеше шағып тастады – 6:3, 6:0.
Ю.Путинцева 2020 жылы АҚШ ашық чемпионатында ширек финалға дейін жеткен еді. Ал өткен жылы екінші айналымнан аса алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің 2020 жылғы чемпионға жол бергенін жазған едік.
Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады.