USAID ұйымының шетелге көмекті тоқтатуына не себеп болды

Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Трамп әкімшілігі мен АҚШ мүддесіне сай келетін шетелге көмек бағдарламасын АҚШ департаменті қатаң есеп бере отырып жүзеге асыратын болады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Мыңдаған бағдарламалар мен 715 миллиард доллардан астам шығындарды ондаған жылдарғы инфляция тұрғысынан мұқият талдағаннан кейін, АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) көп жағдайда Америка мүддесіне қызмет етпейтіні анық болды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде айтылған.

Құжатта USAID-тің АҚШ-тың салық төлеушілерінің шексіз бюджетін ондаған жылдар бойы тиімсіз пайдалану - АҚШ ықпалын арттырудың орнына антиамерикалық көңіл-күйдің өсуіне алып келгені айтылған.

Әлемдік аренада АҚШ-тың көмегін ең көп алған елдер соған сай жауап бермейді. Мәселен, 2023 жылы Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері БҰҰ-дағы маңызды қарарларға дауыс беру кезінде АҚШ-пен тек 29% жағдайда ғана ынтымақтасқан. Ал олардың 1991 жылдан бері алған қаржысы 165 миллиард доллар болады. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкаға бағытталған 89 миллиард доллардан астам инвестиция АҚШ-тың Қытаймен салыстырғандағы рейтингіне кері әсер еткен.

Агенттіктің 1991 жылдан бері Газа мен Батыс жағалауға салған қаржысы 9,3 млрд доллар болған. Бенефициарлар ішінде ХАМАС та бар. Соған қарамастан АҚШ-тың осы әрекетіне ризашылығын білдірген ешкім жоқ.

Бұл ретте америкалық салық төлеушілер есебінен шалқып өмір сүргендер - үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері болды.

- Көмекті алушылар оның белгісіз үкіметтік емес ұйымның садақасы емес, америка халқының салығы екенін білгені жөн, - делінген құжатта.

Мемдепартамент тиімсіз әрекеттердің уақыты жетті. Трамп әкімшілігі тұсында мүддемізге басымдық беретін шетелдік қаржыландыру миссиясы пайда болатын болды. Біз өзіне өзі көмектесе алатынын көрсете алған және соған дайын елдерге басымдық береміз. Ресурстарды америкалық компаниялар мен әлемдік инвестицияларды қоса алғанда мультипликативті тиімділік беретін және жеке секторды жандандыратын бағыттарға жібереміз.

- Енді басымдық көмекке емес саудаға, тәуелділікке емес мүмкіндікке, қолдауға емес инвестицияға беріледі. Америкалықтар мен әлемдегі көптеген адамдарға 1 шілде жаһандық әріптестік, бейбітшілік, инвестиция мен гүлдену кезеңінің бастамасы болады, - делінген хабарламада.

Осыған дейін АҚШ USAID бағдарламасының 83% жабатыны туралы жаздық.