Усама бен Ладен пәрәнжеге тыйым салғаны үшін Франциядан кек алмақ

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - «Әл-Кайеда» лаңкестік желісінің жетекшісі Усама бен Ладен, экстремистердің Францияда мұсылмандарға көрсетіліп жатқан қысастықтар үшін кек алуды жоспарлап отырғанын мәлім етті. Бұл туралы №1 лаңкес арабтың Al-Jazeera телеарнасы таратқан үндеуінде айтты, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Экстремистер елде пәренже киюге салынып отырған тыйымға байланысты француз өкіметіне шүйлігіп отыр. Бен Ладеннің айтуынша, лаңкестер жоспарын бастап та кетті: 2010 жылдың қыркүйек айында Нигер елінде бес француздың ұрлануы кек алудың басы ғана.

Әл-Кайеда басшысы Франция өкіметінен пәренжеге салынған тыйымды алып тастаумен қатар, Ауғанстандағы француз әскерін шығаруды талап етіп отыр.