Алты әйел алған бен Ладеннің бәйбішесі Найва ханым жазған және жарыққа шығуға әзірленіп жатқан кітапта осындай мәліметтер айтылады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Лондондық баспасөздер осы кітаптан үзінділер жариялап отыр.
Найва ханым Усама бен Ладенге 15 жасында тұрмысқа шыққан. Ал бен Ладен ол кезде 17 жаста болған. Олардың 10 баласы - алты ұлы, төрт қызы бар.
Найва ханымның хабарлауынша, Усама 1980 жылдың басында АҚШ-та радикальды палестиналық идеолог Абдулла Әззаммен кездескенше, «қарапайым ғана жігіт болған». Әззаммен кездескеннен кейін бен Ладен Ауғанстанға аттанып, жиһад жолын ұстанған.
Дегенмен, ол бай кезіндегі әдеттерінен айрылмаған көрінеді. Усама алтын жалатылған «Мерседес» көлігін сатып алып, оны құмда сағаттап айдағанды жақсы көрген. Бен Ладен сондай-ақ мангоны ұнатады екен.