Қазіргі уақытта шамамен 23-24 жастағы Хамза бен Ладеннің аудио үндеуі Twitter-де жарияланған. «Әл-Каиданың» бұрынғы басшысының ұлы АҚШ пен оның одақтастарына қарсы жихадқа шығуға үндеуде. Ол Лондон, Вашингтон, Париж, Тель-Авив, Кабул, Бағдад қалаларында лаңкестік әрекеттер жасау қажет деп санайтындығын ашық айтқан.
Айта кетерлігі, Хамза бен Ладеннің қазіргі уақытта қайда жүргені белгісіз. 2011 жылы Пәкістанның Аботтабад қаласында әкесі өлтірілген кезде Хамзаның да оққа ұшқандығы жайында ақпарат болған еді. Дегенмен, американдық арнайы жасақ сарбаздары арнайы жүргізген жорық барысында Усама бен Ладеннің екінші ұлы Халедтің оққа ұшқандығы анықталған.