Осы жолы Сауд Арабиясынан шыққан ханзада Әл-Валид ибн Талал әлемдегі ең ірі мұнара құрылысына тапсырыс беріп, көзге түсті, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Жақын күндері арабтық миллардерге тиесілі Kingdom Holding инвестициялық компания Saudi Binladin Group компаниясымен 1 мың метр биіктіктегі мұнара салу туралы келісімшарт жасағаны белгілі болды.
Әлемдегі ең биік мұнара 1,2 млрд. долларға салынбақшы.
Ең қызығы, мұнараны салуға тапсырыс алған компания «Әл-Каиданың» бұрынғы басшысы, әлемдегі бірінші лаңкес деген атақ алған, қаза тапқан Усама бен Ладеннің туыстарына тиесілі. Saudi Binladin Group компаниясының негізін 1931 жылы лаңкестің әкесі Мохаммед бен Ладен Саид қалаған. Ал қазір компанияны лаңкестің інісі Бакр бен Ладен басқарып отыр.