Усэйн Болт Францияның әуесқойлар клубында футбол ойнады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тоғыз дүркін олимпиада чемпионы Усэйн Болт француздық әуесқойлар клубында футбол ойнады.

Ямайкалық спринтер  демалысы кезінде «Сен-Жан Болье» клубына жаттығуға келді. Спринтердің осында бой көрсетуі футболшылар мен көрермендер үшін күтпеген  оқиға болды. Олар аты аңызға айналған спортшыға командамен бірге ойнауға рұқсат етті, деп хабарлайды russian.rt.com.