Усейн Болт кәрілікке шағымданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің сегіз дүркін чемпионы атанған ямайкалық желаяқ Усейн Болт Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарындағы жеңісінен соң, жүгіру кезінде біраз қиналғанын айтты.

Бұл туралы «Матч ТВ» хабарлады.

«Әлемге өзімнің мықты екенімді дәлелдеуім үшін тағы не істеу керек? Мұхаммед Әли, Пеле сияқты ең ұлылардың қатарында болғым келеді. Осы Олимпиададан кейін сол қатарға қосылатын шығармын. Бұл жолы жүгіргенде қатты қиналдым. Өз денем өзіме бағынған жоқ. Қартайып келемін. Бұл менің соңғы Олимпиадам ба? Солай болса екен деп тілеймін», - деді Болт.