Ямайка құрамасы спорттың осы түрінен қатарынан үшінші рет олимпиада финалында басым түсті.
Айта кетері, Жапонияның екінші орын алуы сенсациялық оқиға болды. Ал үшінші орынды АҚШ командасы қанағат тұтты.
Бұдан бұрын Болт 200 метрлік қашықтықта ешкімді алдына салмаған еді.
Сонда ол Рио-де-Жанейрода өзі қатысатын барлық қашықтықта жеңіске жетуді көздеп отырғандығын айтқан болатын. Сондай-ақ Болт осы марапаттарды иеленген соң спорт тарихында өз есімінің мәңгі қалатындығына сенетіндігін де жеткізген.