Болт шыққанда оның командасы 6:0 есебімен жеңіп жатқан. Оның гол салатын тамаша екі мүмкіндігі болды. Алайда ол қақпаға допты дарыта алмады. Ойын 6:1 есебімен аяқталып, «Маринерс» жеңіске жетті.
Спринт королі Болт бұған дейін бірнеше мәрте футболшы ретінде бақ сынап көрмек болып талпынған. Алайда команда таппай біраз жүрді.
Усейн Болт - 8 дүркін Олимпиада, 11 дүркін әлем чемпионы. Ол 100 метр (9,58 секунд) және 200 метр (19,19 секунд) қашықтыққа жүгіруден Жер шарындағы қазіргі рекордтың иегері. Ямайкалық спортшы жеңіл атлетикадағы спорттық мансабын 2017 жылғы әлем чемпионатынан кейін аяқтаған болатын.