Батыл спортшылармен түсірілген видео «Супермен» мен «Өрмекші-адам» кейіпкерлерін еске салады. Қорғайтын костюмдер киген олар секіріп, кейін парашютты ашып жібереді. Спортшылар ең биік ғимараттың төбесінде тұрғанда еш қорықпағанын айтады.
Бұл шара «Skydive Dubai» атты Дубай парашютшылар қауымдастығымен ұйымдастырылды. Бурдж-Халифа биіктігі Нью-Йорктегі Эмпайр Стейт Билдинг ғимаратынан шамамен 2 есеге биік.