Үш адам ажал құшқан жол апатына кінәлі жүргізуші әйел зардап шекпеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Волгоград облысы аумағындағы 'Волгоград - Каменск-Шахтинский' күре жолында болған жол апатынан үш адам қаза тапты, тағы бірі ауруханаға жатқызылды.

«Апат мәскеу уақытымен 20:00 шамасында орын алды»,-деп хабарлады облыстық ІІМ басқармасының өкілі Светлана Смольянинова. «Лады-Ларгус» машинасының рулінде болған 56 жастағы әйел жүк көлігін басып озбақ болған сәтінде қарсы бетке шығып кетіп, Волгоградтан Краснодарға бара жатқан Daewoo Nexia-мен бетпе-бет соғылған. Апат салдарынан шетелдік көлік жүргізушісінің 21 жастағы әйелі, оның 11 айлық нәрестесі және 27 жастағы жүргінші ажал құшты. 21 жастағы жүргізуші ауруханаға жатқызылды.

Смольянинованың айтуынша, апатқа кінәлі әйел зардап шекпеген. Полиция тергеушілері оны қамауға алу мәселесін қарастырып жатыр.