Сәрсенбі, 8 тамыз күні Алматы облысындағы Жиделі ауылының маңындағы Қараөзек өзеніне шомылу кезінде 33 жастағы ер адам батып кетті. Оның денесін жағаға куәгерлер алып шықты.
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді кентіне жақын тоғанда 18 жасар жігіт батып кетті. Оның денесі судан ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД-нің Байғанин аудандық ТЖБ-нің 5 қызметкері және 1 техника бірлігінен құрылған күшімен шығарылды.
Сол күні Қарағандыдағы Федоров су қоймасының шағын разрезінде 16 жасар бозбала суға батып кетті. Оның мүрдесі жағаға сағат 21:17-де ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД-нің су-құтқару қызметіндегі 3 адам мен 1 техникасының күшімен шығарылды.