Үш адамды өлтірді деген күдікті Шымкентте ұсталды

None
ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Таразда үш адамның қанын мойнына жүктеді деп күдік келтірілген Тараз тұрғыны Шымкентте ұсталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті қылмыстық полициясының бастығы Серік Шалқаровқа сілтеме жасап.

Қанды қылмыс қыркүйектің 22-сінде Таразда жасалғанын ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын. 40 жастағы кәсіпкер әйел өз үйінде атып өлтірілген. Сондай-ақ қанішердің қолынан үй иесінің 18 жастағы қонағы да қаза табады. «Кәсіпкер әйелдің қызы да алған жарақаттан ауруханада көз жұмады. Қазір жансақтау бөлімінде тағы бір 18 жастағы жәбірленуші жатыр», - деді С.Шалқаров өз сұхбатында. Тергеу, қылмыс болған күні кәсіпкер әйелдің пәтеріне ескі танысы келгенін анықтады. «Ол кезінде осы кәсіпкер әйелдің дүкенінде жұмыс істеп, кейіннен ұрлығы үшін жұмыстан босатылған азамат болып шықты», дейді С.Шалқаров.

Тараздық полицейлер күдікті туралы мәліметтерді көрші облыстардағы әріптестеріне таратады. Көп ұзамай 31 жастағы күдікті шымкенттік және тараздық тәртіп сақшыларының бірлескен күш-жігерлерінің арқасында Шымкентте ұсталып отыр.