Үш адамды өлтірген қаскүнем тығылған үй қоршауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Чикагода полицейлер үш адамды өлтірген қарулы күдікті тығылған үйді қоршауға алды, деп хабарлайды АВС телеарнасы.

Полиция өкілінің айтуынша, болжанып отырған қаскүнем мен тәртіп сақшыларының арасында атыс болған. Үйге бекінген қылмыскермен берілу және бұл қарсы тұруды бейбіт жомен шешу жайлы келіссөз жүріп жатыр.

Полиция үйге тығылған ер адамды сәрсенбіде Чикаго аудандарының біріндегі үш адамның өліміне байланысты тергемекке іздеген.

Үйде күдіктіден басқа ешкім жоқ. Маңайдағы ғимараттардан ешкім эвакуацияланбады.