Үш айда ішінде СҚО-да 76 мың ағаш отырғызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - СҚО-да 10 сәуір-10 шілде аралығында абаттандыру акциясы өтті. Шара аясында үш ай ішінде 4 мың шақырымнан астам көше, 1 375 оқу орындары мен басқа да әлеуметтік сала нысандары, 96 187 аула, 415 саябақ, 70 демалыс аумағы, жағажайды тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ акцияға қатысушылар 49,7 мың түп ағаш, 22,4 мың тал отырғызды, 48,5 мың шаршы метрге гүлзар егіліп, ағаштардың түбі ағартылды, көгал қайта қырқылды.

«Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында облыс және Петропавл қаласының елді мекендерінде 4 026 ағаш отырғызылды, орман алқаптары аймақтарында 6,25 га жерге 22 мыңнан астам ағаш егілді.

Облыс аудандарында «Таза бейсенбі», «Таза жағалау», «Менің атаулы ағашым», «Таза ауыл», «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі», «Қамқорлық», «Бейбіт балалық шаққа рахмет» ұранымен акциялар өтуде.

Елді мекендерде саябақтар мен гүл бақтарын абаттандыру аяқталды. Демалыс орындарына қоқыс жәшіктері, су бұрқақ, орындық, шағын сәулет нысандары, тренажер кешендері орнатылып, аумақ қоршалды. Бұдан басқа, балалар ойын алаңын жабдықтау аяқталуда. Барлығы ауданда 64 алаң орнатылды.

Облыс орталығында абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Петропавл-Қазақстан Конституциясы көшелерінде орындықтар, шамдар ауыстырылып, тас төселді. Қала қонақтарын астана күні іске қосылған жаңа музыкалық су бұрқақ қуанышқа бөлеуде.