Ал республика төңірегінде шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзғаны үшін, шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзуға жол бергені үшін 94 жергілікті тұрғынға тиісті шаралар көзделген. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетерлік жайт, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, жеке тұлғаларға жалданып, жұмыс жасауы үшін шетелдіктерге рұқсат берудің жеңілдетілген тәртібі белгіленген болатын.
Аталған Заң Қазақстан Республикасымен үш айдан аз емес мерзімге визасыз кіру және болу тәртібі бойынша келісімшарттар жасаған ТМД елдерінің азаматтарына қатысты.