Еліміздің жолдарында 3570 жол-көлік оқиғасы болып, онда 5013 адам зардап шекен, оның ішінде 403 адам қайтыс болды, ал өткен жылдың осындай кезеңінде 3686 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 5112 адамның денсаулығына зақым келген, оның ішінде 440-ы қайтыс болған.
ЖКО салдарынан 767 кәмелетке толмаған бала жарақат алып, олардың 24-і қаза тапқан.
Статистикалық көрсеткіштерге қарағанда, жол апаттарының себептері өзгермейді. Жалпы, 90%-дан артық ЖКО Жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болады. Сонымен, олардың кінәсінен 3383 апат жасалған, оның ішінде 101-і алкогольдік және есірткілік мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған.
Ең көбі - 1068 ЖКО жылдамдықты арттырудан болды, соның салдарынан 156 адам қаза болып, 1259-ы жарақаттанды.
Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 616 ЖКО-да 32 адам қаза тауып, 774-і жарақаттанды, қарсы қозғалыс жолына шығу салдарынан болған 40 ЖКО-дан 11 адам қаза болып, 97-і жарақаттанды.
Көп бөлігі немесе 1624 ЖКО жүргіншілерді соғып кетуі салдарынан, 1259-көлік құралдарымен соқтығысудан және 211 - аударылу салдарынан болды.
Қоғамдық көліктің қатысуымен 268 ЖКО болып, онда 17 адам қаза болды, 334-і жарақаттанды.