Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, нәрестенің өлімі туралы ақпарат 18 қараша күні түскен.
«Бастапқы диагнозы: аспирациялық синдром. Осыған байланысты ҚР ҚК-нің 317- бабы 3-бөлігі (»Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы«) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - деп түсіндірді ведомстводан.
Ақмола облысында үш айлық шақалақ көз жұмғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.