26 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Осы күні Петропавл қаласында күн күркірейді.
26 маусымда Атырау облысында солтүстіктен соққан желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау қаласында да солтүстіктен секундына 15-18 метр жылдамдықпен күшті жел соғады.
27-28 маусымда Ақмола облысында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысқанда кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.
27-28 маусымда ауа температурасы түнде 2-10, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді.