«Ақпаратты тексеруді сұраймыз! Балалар омбудсмені, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, #НеМолчиKZ қорының сенім телефонына бір отбасынан шыққан үш балаға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық туралы хабарлама келді. Старый Колутон ауылы, Астрахан ауданы. Ата-аналар ішімдікке салынған, балаларды әкесі зорлайды. Бұл ақпаратты балалардың әжесі еріктілерге айтты! Тексеруді және шаралар қабылдауды сұраймыз», - деді құқық қорғаушы.
Осы ретте, желідегі жарияланымға байланысты Ақмола облыстық Полиция департаментінен пікір білдірді.
«Желідегі жарияланым зерттелді. Осы поста баяндалған дерек бойынша Астрахан ауданының Полиция бөлімі тарапынан ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынды. 2012, 2014 және 2016 жылғы кәмелетке толмаған үш балаға қатысты медициналық куәландыру жүргізілді, оның барысында жыныстық органы аумағында қандай да бір дене жарақаттары, тыртықтар, көгерулер, зақымдану белгілері табылған жоқ. Сонымен қатар, қылмыстық іс шеңберінде сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 3 жасар сәби төртінші қабаттағы терезеден құлағанын жазған едік.