Олар осылайша рекорд жаңартуға бел байлады.
Қыздар сапарларын бейсенбі күні Куба астанасының батысындағы «Марина Хемингуэй» яхта-клубынан бастады. Олар саяхаттарын Флорида штатының Уэст қаласымен аяқтамақшы. 180 км қашықтықты спортшылар 20-25 сағатта бағындырмаққа бел буып отыр. Жолда қыздар әр екі сағат сайын ауысып тұрады: біреуі тақтайда тұрып ескек еседі, бұл уақытта қалған екеуі жол бойы қастарында еріп жүретін катамаранда демалады.
Серфингке арналған тақтаймен Флорида бұғазын кесіп өткен әлемдегі бірінші адам - америкалық Бен Фрайберг, ол 2013 жылы бұл аралықты 28 сағатта бағындырған. Ал бұғазды бүгінгі күнге дейін үш адам бірігіп серфинг тақтайымен қиып өткен емес.