деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онда Евгения Ивановна Қазақстанның, Беларустің және Ресейдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаевқа, Александр Лукашенкоға және Дмитрий Медведевке үстіміздегі жылы қарашаның 27-сінде Минскіде үшжақты кездесудің барысында олардың 2010 жылғы шілденің 1-інен бастап Кеден одағының біртұтас кеден аумағын енгізу туралы уағдаластыққа қол жеткізгеніне ризашылығын білдіреді.
"Нұрсұлтан Әбішұлы, Александр Григорьевич, Дмитрий Анатольевич! Осындай қиын уақытта сондайлық ұлы істі атқарып шыққан сіздер жарайсыздар! Сіздерге денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеймін!" - делінген жеделхатта.