Үш елдің үкіметтері Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды - Ө.Шөкеев
Құжаттарға Беларус, Қазақстан және Ресей президенттерінің кездесуі барысында қол қойылды. Ө.Шөкеев ЕурАзЭҚ-тың барлық мүше елдері үшін Кедендік Одаққа кіруге ашық мүмкіндік бар. Оны айтуынша, қол қойылған бірлескен мәлімдемеде Бірыңғай экономикалық кеңістіктің түпкілікті қалыптасуының күні нақты көрсетілген - 2012 жылдғы қаңтардың 1-і. Қазақстан өкілі сондай-ақ үш елдің үкіметтері ДСҰ-ға тезірек ену үшін қолдан келгеннің бәрін істейтініне сендірді.
Кедендік одақ - үш елдің ықпалдастығындағы жаңа серпін екені атап өтілді. Оның құру нақты экономикалық қажеттіліктен туындап отыр және аймақтық ынтымақтастықтың ықпалы мен рөлін күшейтудегі жалпы әлемдік үрдісті бейнелейді. Басты мақсат - Кедендік одаққа кірген елдердің халықтарының жоғары өмір сапасы, экономикалық және әлеуметтік орнықты дамуы. Жаңа бірлестік өзара сауданың өсуіне, өнімдердің бәсекелестікке қабілетін арттыруға жәрдемдеседі және инвестиция үшін жаңа перспективаларға жол ашады.