«Біздің елшіліктер, Көлік министрлігі және Беларусь, Латвия және Литва билігімен мәселені шешуді пысықтап жатырмыз. Жүк көліктерінің тұрып қалатыны болжанған», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
СІМ мәліметіне сәйкес қазақстандық жүк көліктерінің жүргізушілері шекарада 7-8 күн бойы кезекте тұр.
Оның айтуынша, бейінді ведомстволар қолдан келгеннің бәрін жасайды.
Айта кетейік, Айбек Смадияров Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы барын айтқан еді.
Сондай-ақ, брифингте Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар жібергені айтылды.