Үш ірі қалада жастарға 3 мың пәтер беріледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жақын арада Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жастарға баспана бөлу тәртібі белгіленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмысістейтін жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 2019-2021 жылдары аралығындажылына 1 мың жалдамалы пәтер салу жоспарланған. Мемлекет басшысыныңтапсырмасына сәйкес, жалға берілетін тұрғын үй салу мен сатып алу үшінқаржыландыру көлемі жылына 21,6 млрд теңгеге дейін (3 жыл ішінде 64,8 млрд.теңге) өсті», - деп түсіндірді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл қаржы 2019, 2020 және2021 жылдары жұмысшы жастарға 3 мың жалға берілетін пәтер (Нұр-Сұлтан, Алматықалаларында 1050 пәтер және Шымкентте 900 пәтер) беруге мүмкіндік береді.

«Қаржыландырудың өсуіне байланысты біз «Нұрлы жер»бағдарламасына толықтырулар енгіземіз. Ал жастар саясаты жөніндегі уәкілеттіорган (Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі) жақын арада тұрғын үй бөлушарттары мен тәртібін белгілейді», - деді Роман Скляр.

Соңғы жаңалықтар