Үш қабатты коттедж бен автокөлігі бар азаматтарға да АӘК төленіп кеткен – Бердібек Сапарбаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкентке жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек, жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктіңбаспасөз қызметіне сілтеме жасапхабарлайды.

Еңбек министрлігі басшысының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда атаулыәлеуметтік көмек алатын 291 мың отбасы немесе 1 миллион 450 мың адамға 87 млрд.теңге төленді. Бұл ретте АӘК алушылардың 38% Шымкент қаласы мен Түркістаноблысының тұрғындары.

Бердібек Сапарбаев АӘК-тің негізгі мақсаты – қиын жағдайға тап болғанотбасыларға көмек көрсету, соның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларынкөрсету арқылы жәрдемдесу екеніне ерекше назар аударды. Осыған байланысты олжергілікті жерлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атапөтті.

Министрдің мәліметінше, республика бойынша еңбекке қабілетті 85 мың АӘКалушының тек 32,5 мыңы немесе 38 пайызы ғана әлеуметтік келісімшарттаржасасқан. Түркістан облысында бұл көрсеткіш 29 пайызды, Шымкент қаласында 9пайызды құрайды.

«Кейбір жұмысқа қабілетті азаматтар АӘК-ті алғысы келеді, бірақ жұмысістеуден бас тартады. Еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылармен міндеттітүрде олар жұмысқа орналаса алатын, жаңа мамандықтар мен бизнес жүргізунегіздерін оқитын, гранттар мен жеңілдетілген микрокредит алатын әлеуметтіккелісімшарттар жасау керек. Масылдыққа жағдай жасауға болмайды, сондықтантиісті өзгерістер ережеге енгізілетін болады»,- деді Сапарбаев.

Сондай-ақ, ведомство басшысы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жәнетөлеу кезінде заңбұзушылықтарға жол берілмеуін талап етті.

«Біздің мамандарымыз «E-Халық IP»-де тіркелмеген төлемдер, артықтөлемдер, екі еселенген төлемдер, учаскелік комиссияның тексеруінсіз АӘК тағайындаусияқты бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Мысалы, меншігінде үш қабаттыкоттедж бен автокөлігі бар азаматтарға АӘК төленіп кеткен жағдайлар да орыналған. Бұл бюджет қаражатын заңсыз пайдалану және оған жауапкершілік көзделген.Әкімдіктерге жергілікті жерлерде бақылауды күшейту керек», - деп атап өтті министр.

Осыған байланысты Министрлік тарапынан әкімдіктермен және құқық қорғауоргандарымен бірлесіп анықталған заңбұзушылықтарды жоюға, заңсыз төленгенқаражатты бюджетке қайтаруға, сондай-ақ болашақта мұндай заңбұзушылықтарға жолбермеуге бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр.

Сонымен қатар, кеңесте жаңа жұмыс орындарын ашу, жалақы бойыншаберешектерді төлеу, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды «Еңбек» мемлекеттікбағдарламасына тарту мәселелері қаралды.