Үш қабатты тұрғын үйге жолаушылар автобусы соғылды, жеті адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің солтүстік шығысында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан жеті адам зардап шекті. Келеңсіз жағдай Куинс ауданында болған.

Жолаушылар автобусы үш қабатты тұрғын үйге соғылып, ғимараттың бір бұрышын қиратып барып қана тоқтаған. Жеті адам ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы әзірге белгісіз.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жапа шеккендердің барлығы автобустың жолаушылары болғанын айтты. Қираған үйдің тұрғындары арасында зардап шеккендер жоқ.