Ақтық сында айқасатын боксшылар қатарында үш қазақстандық спортшы бар.
52 келіде Сабырхан Махмұдов италиялық Федерико Серруды ұтып, финалға жолдама алды.
69 келіде Талғат Шайкен Украина спортшысы Ярослав Самоталовты жеңді.
Сондай-ақ, 91 келіде Айбек Оралбай франциялық қарсыласын ұтып, турнирдің алтынына таласатын болды.
Ал жартылай финалда сүрінген Айдос Арапов (57 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі) және Дамир Тойбай ( 91 келі) — қола жүлдегерлер қатарында. Финалдық кездесулер 7 ақпанға жоспарланған.