Үш көлік апаты екі адамның өмірін қиды, 11 адам жарақат алды

АСТАНА. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат - Үш жол-көлік оқиғасының салдарынан 11 адам ауруханаға түсті, тағы екі адам оқиға орнында көз жұмды,

деп   хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік   оқиғалары   Шығыс Қазақстан облысындағы Таврия-Каменка  жолының 4-ші шақырымында,   Қарағанды   қаласында  және     Алматы -Екатеринбор тас жолының 956-шы  шақырымында    болды.