ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 30 қазан - 2 қараша аралығында «Қайыршылық» жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, үш күнде түнгі уақытта 155 жасөспірімнің қараусыз жүргені анықталды.
Сондай-ақ 24 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Басқа қаладан келіп, қараусыз жүрген 4 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.
Қоғамдық орындарда қайыршылық жасағаны үшін 7 адам жазаланды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).