Осы «қуаныштың» бәрі «жолаушылардың» бірінің көліктен құлап түспегенінше жалғасқан. Мұны көрген куәгерлер полиция қызметкерлерін шақырды.
Оқиға орнына бірінші болып учаскелік полицей келгені хабарланады. Ол мас жүргізушіні көліктен шығармақ болған, бірақ бұл әрекетінен түк шықпады. Бұзақы есігін іштен жауып, газға басып, соңынан полицейді сүйретіп ала кеткен. Миы шайқалған және басқа түрлі жарақаттар алған учаскелік полицей көмек шақырып үлгерді.
Алайда, оқиға орнына келген ЖПҚ қызметкері де учаскелік полицей сияқты қателік жасады - ол бұзақыны көліктен шығару үшін жүргізуші есігін терезе арқылы ашпақ болды.
Қаскүнемді тек «Ұстау» жоспары жарияланған соң ғана қолға түсіру мүмкін болды. Ол 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оған қатысты 318 баппен қылмыстық іс қозғалды, бұған қоса айыппұл салынды.