Үш мыңнан астам борышкер шетелге шыға алмайды - Маңғыстау облысы
08:52, 24 Желтоқсан 2013
АҚТАУ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 2013 жылдың желтоқсан айындағы мәліметтер бойынша 3 мыңнан астам борышкерге шетелге шығуға тыйым салынды.
Мұндай мәліметті Маңғыстау облысының сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары келтірді.
«Ақтауда мұндай борышкерлердің саны 2395, облыс бойынша 3176 адам. Тағы бірнеше мыңдаған адам назарға алынған. Олардың жартысы кез келген уақытта ҚР Әділет министрлігінің «Бүркіт» базасына тап болуы ғажап емес», - деді Маңғыстау облысының сот актілерін орындау департаментінің қызметкерлерді басқару бөлімінің жетекшісі Қанат Таласов.
Департамент қызметкерлерінің мәліметі бойынша, Қазақстанда шекарадан шығуға тыйым салынған 65 мың борышкер бар.