Үш облыста көлік қозғалысы қайта жанданды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол үш облыста көлік қозғалысына шектеу алынғанын хабарлады.
16 ақпан сағат 09:30-да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылады:
Ақтөбе облысы:
– «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 11-104 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Қандыағаш қаласы);
– «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы);
– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).
Атырау облысы:
– «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 337-346 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).
Қызылорда облысы:
– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 16 ақпанда елдегі қай жолдарда қозғалыс шектелгенін хабарлағанбыз.