Үш облыстағы жолдарда жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектеледі
АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 18 ақпан сағат 10:00-де күннің бұзылуына байланысты үш облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол мекемесі.
Ақтөбе облысы:
- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтық елді мекені – Қостанай облысының шекарасы).
- «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 11-337 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Атырау облысының шекарасы).
-«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 0-77 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жайсан өткізу пункінен - ЭКО ойл жанармай стансасына дейін)
Қостанай облысы:
- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-385 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Денисовка ауылы).
Атырау облысы:
- «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы ө/п)» автомобиль жолының 337-346 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз елді мекеніне дейін);
Жолды 2026 жылғы 18 ақпан сағат 15:00-де ашу жоспарланған.
Осыған дейін солтүстік аймақтарда аяз күшейетіні туралы жаздық.