Ауа райының бұзылуына байланысты келесідей республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді:
Ақтөбе облысында:
«Ақтөбе-Мәртөк-РФ шек.» автожолының 24-99 шақырымында, атап айтқанда, Сарыжар ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске;
«Самара-Шымкент» автожолының 526-618 шақырымында, атап айтқанда, БҚО шекарасы мен Қобда ауылының аралығындағы учаске автокөліктің барлық түрі үшін жабылды:
Батыс Қазақстан облысында:
«Самара-Шымкент» автожолының 394-526 шақырымында, атап айтқанда Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаскеде көлік қозғалысы шектелді.
Солтүстік Қазақстан облысында:
«Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Киров-Қиялы-Рощинское» автожолының 0-228 шақырымында Булаево мен Рощинское ауылдарының аралығындағы учаске;
«Рощинское-Корнеевка-Волошинка» автожолының 0-87 шақырымында, атап айтқанда, Рощинское мен Волошинка ауылдарының аралығындағы учаске;
«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожолының 0-53 шақырымында, атап айтқанда, Волошинка мен Сергеевка ауылдарының аралығындағы учаске;
«Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-32 шақырымында, атап айтқанда, Тимирязево ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаскеде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.
08:59, 10 Наурыз 2021
Үш облыс аумағында республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыс аумағында республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайлы ҚазАқпарат ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.