Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

1 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Сол күні Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман сақталады.

1 қаңтарла Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман болады.

1 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

1 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде қалың қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сол күні Ақтөбе қаласында кей уақытта қар жауады, тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.