Атап айтқанда, бұйрықтың жаңа редакциясына сәйкес, кейбір облыстардың халқына ұсынылатын сауда алаңдарының көлемі қысқарады.
Мәселен, қолданыстағы тәртіп бойынша Алматы облысында 1 мың адамға 403 шаршы метр жер берілетін болса, енді ол 220 шаршы метр болмақ. Ал Қарғандыда бұл мөлшер 570 шаршы метр болған еді. Өзгеріске сай, ол алдағы уақытта 454 шаршы метр болып бекітілуі ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында бұған дейін 1 мың адамға ұсынылатын ең төменгі сауда алаңы 594 шаршы метр болған. Ол енді 521 шаршы метр болып қысқарады.
Бұйрықтың түсіндірмесінде көрсетілгендей, аталған өңірлерде берілетін сауда алаңдары көлемінің азаюы жаңадан құрылған 3 облысқа қосымша аумақтарды бөлумен байланысты. Яғни, қырқарған сауда алаңдарының есебінен сәйкес аумақтар Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарына берілмек.
Бұйрық 23 қаңтарға дейін ашық талқылауда болады.