10 қаңтар күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.
10 қаңтар күні Түркістан облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Түркістан қаласында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте 10 қаңтар күні оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғатыны болжанып отыр.
10-12 қаңтар күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, 10-11 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.