Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысынының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы күндіз 25 м/с жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с екпінмен соғады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман мен 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Қарағанды және Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының жекелеген аумақтарында түнде -3 градус үсік жүреді.
Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.