«23-25 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының өзендерінде, сондай-ақ Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде ауа температурасының жылынуына байланысты (мұз қабаттарының жұқаруы, өзендерде сеңнің тоқтауы) мұз кептеліп, су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деп хабарлайды ведомство.
Кептеліс –өзен арнасында оның ағысын шектейтін мұздың жиналуы. Әдетте, мұз кептелісі мен сеңнің тоқтауы салдарынан су деңгейі көтеріліп, тасиды.